Президент еліміздің көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда берді


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, көлік саласын дамытуға, еліміздің көлік инфрақұрылымын құру мен жаңғыртуға қосқан зор үлесі үшін Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттауды ұйғарды:

II дәрежелі «Барыс» орденімен

  • Қазанов Жанболат Байрахметұлы – «ОблШығысЖол» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы;

III дәрежелі «Барыс» орденімен

  • Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы – Көлік министрі;

«Парасат» орденімен

  • Сақтағанов Мақсат Әбдірұлы – «Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағы» одақ нысанындағы ЗТБ (ҚазАТО) президенті, Алматы қаласы;

«Құрмет» орденімен

  • Алдыбергенов Талғат Сағиұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы
  • Аристов Сергей Викторович – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалы «Ғибадат Мусалимов» теплоходының аға моторшысы, Павлодар облысы
  • Атабеков Қалдарбек Сапарбекұлы – «Түркістан аймақтық автотасымалдаушылар мен автовокзалдар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, Шымкент қаласы
  • Әбілбекова Шолпан Ақылбекқызы – «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС бағыт басшысы, Астана қаласы
  • Глухов Юрий Васильевич – «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының диспетчері-нұсқаушысы
  • Жұмағұлов Серік Мұсабекұлы – «КАЖсервис» ЖШС Жетісу облыстық филиалының машинисі
  • Кузнецов Виктор Николаевич – «SCAT» әуе компаниясы» АҚ нұсқаушысы, Астана қаласы
  • Қайыпов Дархан – «Южавтотранс» қауымдастық нысанындағы ЗТБ төрағасы, Шымкент қаласы
  • Наурызбаев Асылбек Қобланұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Маңғыстау бөлімшесі» филиалы Маңғыстау пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисі
  • Сағынаева Алла Ержалқызы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ менеджері
  • Сатыбалдин Бауыржан Талғатбекұлы – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалының «Бриз» кемесі капитанының екінші көмекшісі
  • Сижанов Әлімбай Латипбайұлы – «КАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының Қарабұтақ кентіндегі жол жұмысшысы
  • Смолина Александра Александровна – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызмет басшысы – департамент директоры
  • Тайбеков Эрлан Мыңбайұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ-Алматы бөлімшесі» филиалы Үштөбе станциясының вагон қараушысы-жөндеушісі
  • Шалқаров Әбдіәшім – «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жетекші ғылыми қызметкері, Алматы облысы
  • Шәкенов Марат Арапбекұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ департамент директоры
  • Шымыров Ерік Сайлауұлы – еңбек ардагері, Тараз қаласы
  • Юсупов Қайрат Төлепқалиұлы – «Атыраукөлік» ЖШС директоры, Атырау қаласы;

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

  • Амитов Аманкелді Сматұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қазалы жол дистанциясының жол шебері
  • Ебосынов Әскербай Теңелбайұлы – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ докер-механизаторы
  • Рахимов Талғат Кәкішұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Жаңаарқа пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисі
  • Сапагов Тілек Рамазанұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Аягөз сигнализация және байланыс дистанциясының электрмеханигі, Абай облысы
  • Чинпулатова Сайёра Каримджановна – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Семей бөлімшесі» филиалы Өскемен-1 станциясының жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы, Өскемен қаласы
  • Якубовский Владимир Семенович – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Жаңаесіл сигнализация және байланыс дистанциясының автокөлік жүргізушісі, Солтүстік Қазақстан облысы;

«Ерлігі үшін» медалімен

  • Арыстанғалиев Әділбек Мерзажанұлы – «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Атырау филиалы Атырау станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Анпилов Алексей Михайлович – «Capital road construction» ЖШС директоры, Астана қаласы
  • Балицкий Виктор Юрьевич – «Эйр Астана» АҚ нұсқаушысы, Алматы қаласы
  • Болатбаев Оралбек Ержігітұлы – «Caspian Trans Corporation» ЖШС көлік жүргізушісі, Маңғыстау облысы
  • Жұбаев Абай Қадырұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Ақтөбе бөлімшесі» филиалы Орал станциясының орталықтандыру бекетінің операторы, Орал қаласы
  • Қантәжиев Жұмағали Жұмабайұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалы Түркістан пайдалану локомотив депосының кезекшісі
  • Қонысов Алмас Нәбиұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Арыс сигнализация және байланыс дистанциясының учаске бастығы, Түркістан облысы
  • Мавланов Инагамжан Махаметалиевич – «Аэропорт Шымкент» АҚ көлік жүргізушісі
  • Омаров Мұрат Иманбайұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы Шу пайдалану локомотив депосының электровоз машинисі
  • Омарова Гүлнәр Құрмашқызы – «City Transportation Systems» ЖШС операторы, Астана қаласы
  • Орымбеков Бекболат Оспанұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қызылорда бөлімшесі» филиалының бөлім бастығы, Қызылорда қаласы
  • Пірманова Нұрзейнеп Жаңабекқызы – «Шымкент әуежайы» АҚ ұшу аппараттарын жуушысы
  • Сүлейменов Айтқожа Назарұлы – «КАЖсервис» ЖШС филиалының бас инженері, Ақмола облысы
  • Тұрлыбеков Мұхтарбек Шекербекұлы – «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ аға авиациялық инспекторы, Астана қаласы
  • Тілембеков Ержан Социалұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Павлодар бөлімшесі» филиалы Екібастұз пайдалану вагон депосының вагондарды қабылдаушысы
  • Шәріпханова Гүлжанат Сләшқызы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Алматы жол дистанциясының диспетчері, Алматы облысы
  • Щёголев Сергей Геннадьевич – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Павлодар бөлімшесі» филиалы Екібастұз пайдалану локомотив депосының Ерейментау станциясы бойынша электровоз машинисі, Ақмола облысы;

«Шапағат» медалімен

  • Амельянова Вера Ивановна – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалы Ақтөбе учаскесінің жолсерігі
  • Әшімов Шәмкен Ыбыкенұлы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалы Қарағанды учаскесінің жолсерігі
  • Сәдуақасов Марат Сәулебекұлы – «Темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы, Павлодар облысы;

«Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін

  • Аверкин Владимир Васильевич – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Гидротехникалық құрылыстар» филиалы Бұқтырма шлюзінің «Тайфун» сүңгуір станциясының капитаны-жоғары санатты механигі
  • Горват Андрей Михайлович – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры
  • Исинаманов Борис Александрұлы – «Dosjan temir joly» АҚ президентінің кеңесшiсi, Астана қаласы
  • Шаймин Қанат Әкежанұлы – «ҚАЖсервис» ЖШС бас директорының кеңесшісі, Қарағанды қаласы.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Ал Ақорданың Telegram арнасы марапат иелерінің суреттерін жариялады.