Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді


18:54, 22 шілде 2025

14–15 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы тарихи оқиғаның орталығына айналады — мұнда алғаш рет Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен әскери қызметшілер арасында «қазақ күресі» бойынша әлем чемпионаты өтеді. Бұл кеңес – әлемдегі ең ірі көпсалалы спорт ұйымдарының бірі.

Чемпионатты ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті–Армия орталық спорт клубы және ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырады.

«Шамамен 40-қа жуық елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Бұл ұлттық спорт түрінің халықаралық аренада кеңінен танылып келе жатқанын көрсетеді. Чемпионат қазақ күресінің әлемдік спорт картасында дамуы мен ілгерілеуіндегі маңызды қадам болмақ», — делінген хабарламада.

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Өтетін орны: Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені

Тұран даңғылы, 59.

Серіктестік материал