19:24, 18 шілде 2025
2025 жылғы 18 шілдеде Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жолаушылар мен әуежай қонақтарына арналған маңызды хабарлама жариялады, деп жазады Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сәйкес:
«21 шілдеден бастап «Ақсұңқар» қонақ үйі алдындағы кіреберіс аумақты кеңейту бойынша жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты Ахметов көшесі жағынан әуежай аумағына кіріп-шығу уақытша жабылады», — делінген хабарламада.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоба аясында:
- қосымша кіреберіс жолағы салынады,
- жол төсемі жаңартылады.
«Бұл өзгерістер әуежайға ұшып кететін рейстердің жолаушыларын түсіру кезіндегі өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.






Leave a Reply