Алматыда Желтоқсан көшесі демалыс күндері жабылады


19:36, 18 шілде 2025

Алматыдағы Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

AlmatyJoly Telegram-арнасының мәліметінше:

  • 19 шілде сағат 08:00-ден бастап 20 шілде сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толықтай жабылады.
  • 20 шілде сағат 08:00-ден бастап 21 шілде сағат 06:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі бөлікте көлік қозғалысы шектеледі.

Сондай-ақ, жөндеу жүріп жатқан аумақтарда:

  • ескерту белгілері,
  • мердігер ұйым басшысының байланыс деректері жазылған стендтер орнатылады.

Еске салайық, Алматы әуежайы уақытша бір кіреберісін жабатынын хабарлаған едік.