13:41, 30 маусым 2025
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2025 жылғы 30 маусымда негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, негізгі ҰБТ басталғалы бері 326 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде:
- талапкерлердің 72%-ы шекті балл жинады;
- орташа балл – 67 балл (бес пән бойынша);
- ең жоғары балл – 140 балл;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар 657 талапкер қатысты.
Орталық ереже бұзғаны үшін 550 адамның нәтижесі жойылғанын атап өтті. Олардың негізгі себептері:
- тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 260 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
- тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 289 адам шығарылды;
- тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде 1 адамның сертификаты жойылды;
- бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Сондай-ақ, түлектердің көпшілігі келесі комбинацияларды таңдаған:
- 18%-ы «Математика-Физика»,
- 16%-ы «Биология-Химия»,
- 13%-ы «Шығармашылық емтихан».
Тестілеу тіліне келетін болсақ:
- 76% – қазақ тілі;
- 24% – орыс тілі;
- 253 адам – ағылшын тілі.
«Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді»,- деп қорытындылады ведомство.
Бұған дейін қазақстандық оқушыларға мамандық таңдау оңайырақ бола түсетінін жазғанбыз.





Leave a Reply