2025 жылғы ҰБТ-ның аралық қорытындысы: қанша оқушының нәтижесі жойылды


13:41, 30 маусым 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2025 жылғы 30 маусымда негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, негізгі ҰБТ басталғалы бері 326 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде:

  • талапкерлердің 72%-ы шекті балл жинады;
  • орташа балл – 67 балл (бес пән бойынша);
  • ең жоғары балл – 140 балл;
  • ерекше білім беру қажеттілігі бар 657 талапкер қатысты.

Орталық ереже бұзғаны үшін 550 адамның нәтижесі жойылғанын атап өтті. Олардың негізгі себептері:

  • тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 260 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 289 адам шығарылды;
  • тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде 1 адамның сертификаты жойылды;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Сондай-ақ, түлектердің көпшілігі келесі комбинацияларды таңдаған:

  • 18%-ы «Математика-Физика»,
  • 16%-ы «Биология-Химия»,
  • 13%-ы «Шығармашылық емтихан».

Тестілеу тіліне келетін болсақ:

  • 76% – қазақ тілі;
  • 24% – орыс тілі;
  • 253 адам – ағылшын тілі.

«Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді»,- деп қорытындылады ведомство.

Бұған дейін қазақстандық оқушыларға мамандық таңдау оңайырақ бола түсетінін жазғанбыз.