Қазақстанның екі өңірінде 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді


09:28, 15 ақпан 2025

2025 жылдың 15 ақпанында Ресейде жер сілкінісі тіркелді. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да 2-3 баллдық жер асты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 06:48-де болған.

«Жер сілкінісінің ошағы Ресей территориясында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 шақырым қашықтықта орналасқан», делінген хабарламада.

Тіркелген есепті жиілік (балл) :

  • Катон — Балқарағай ауылы — 3 балл;
  • Марқакөл ауылы — 3 балл;
  • Үлкен-Нарын ауылы — 3 балл;
  • Алтай қаласы (Зырян) — 3 балл;
  • Боран ауылы — 3 балл;
  • Риддер қаласы (Ленинград) — 2 балл;
  • Зайсан- 3 балл;
  • Күршім — 3 балл;
  • Самар ауылы — 3 балл;
  • Көкпекті — 2 балл;
  • Ақсуат — 2 балл;
  • Қалбатау — 2 балл;
  • Бородулиха — 2 балл;
  • Семей — 2 балл;
  • Жоламан — 2 балл;
  • Мақаншы — 2 балл;
  • Үржар — 2 балл; Аягөз қаласы — 2 балл;
  • Бесқарағай — 2 балл;
  • Қарауыл — 2 балл.

Бұған дейін бүгін, 15 ақпанда еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілген.