20:45, 22 мамыр 2025
Қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабарды Qazsport телеарнасы естіртті.
Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.
- Ұзақ жылдар «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі;
- «Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы;
- 2003-2007 жж.- ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;
- 2010 — 2012 жж.– «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);
- 2012-2013 жж. — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі;
- Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.






Leave a Reply