Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды


20:45, 22 мамыр 2025

Қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Qazsport телеарнасы естіртті.

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.

  • Ұзақ жылдар «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі;
  • «Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы;
  • 2003-2007 жж.- ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;
  • 2010 — 2012 жж.– «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);
  • 2012-2013 жж. — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі;
  • Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.