8-10 мамырға арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер алдағы үш күнде, 2025 жылғы 8-10 мамыр аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

8 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +12…+14°C, күндіз: +28…+30°C.

9 мамыр: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік — батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +15…+17°C, күндіз: +25…+27°C.

10 мамыр: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, кей тұстағы екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°C, күндіз: +22…+24°C.

Алматы

8 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +16…+18°C, күндіз: +31…+33°C.

9 мамыр: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Ауа температурасы түнде: +17…+19°C, күндіз: +28…+30°C.

10 мамыр: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: +15…+17°C, күндіз: +23…+25°C.

Шымкент

8 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 8-13 м/с, кей тұстағы екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +19…+21°C, күндіз: +33…+35°C.

9 мамыр: аспан бұлтты, түнде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 8-13 м/с, кей тұста — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +17…+19°C, күндіз: +26…+28°C.

10 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 8-13 м/с, кей тұстағы екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +15…+17°C, күндіз: +27…+29°C.

Қазақстанның бірқатар облыстарында 2025 жылдың 7 мамырында синоптиктер дауылды ескерту жариялады.