8 қазақстандық спортшы алтын медаль үшін таласады


12:43, 14 қыркүйек 2025

14 қыркүйекте Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында бокстан әлем чемпионатының соңғы күні өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалдық кезеңге сегіз қазақстандық спортшы жолдама алды.

Күндізгі сессия, басталуы — 16:00

48 келіге дейін: Назым Қызайбай — Минакши (Үндістан)

50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай — Алдарқхишиг Баттулга (Моңғолия)

55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан — Рафаэль Лосано Серрано (Испания)

Кешкі сессия, басталуы — 22:00

51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова — Бусе Наз Чакыроглу (Түркия)

65 келіге дейін: Аида Әбікеева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан — Сэвон Окадзава (Жапония)

70 келіге дейін: Наталья Богданова — Лекеиша Перголити (Аустралия)

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай — Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)