6, 7 және 8 наурызға арналған ауа райы болжамы


16:26, 5 наурыз 2025

Алматыда алдағы үш күнде тағы да қар жауады деп күтілуде. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Болжам бойынша, алдағы бейсенбіде, 2025 жылдың 6 наурызында оңтүстік астанада құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°C, күндіз +8+10°C.

Ал жұма және сенбі күндері Алматыда ауа райының нашарлауы күтіледі:

  • 7 наурыз – құбылмалы бұлттылық, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0°C шамасында, күндіз +4+6°C;
  • 8 наурыз – құбылмалы бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +3+5°C.

Қазақстанға қыстың қайтып келе жатқаны бұған дейін хабарланған болатын.