My Freighter (Centrum Air) өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», — деп хабарлады Қазақстанның Көлік министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, 5 мамырдан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы шығады. Әуе компания Ташкент — Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды.
Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды.






Leave a Reply