18:18, 3 наурыз 2025
Қазақстанда көктемнің басталғанына қарамастан, алдағы сейсенбіде, 2025 жылғы 4 наурызда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, түнде Жетісу облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында қалың қар жауады.
«Атмосфералық фронттардың жүруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауып, батыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады деп күтіледі», делінген болжамда.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді деп болжанады.
Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.






Leave a Reply