31 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды


Синоптиктер 31 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 желтоқсанда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазған қ.: 31 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

31 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Қарағанды қ.: 31 желтоқсанда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

31 желтоқсанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ: 31 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 31 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

31 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ: 31 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 31 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

31 желтоқсанда Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында, батысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман. Қостанай қ.: 31 желтоқсанда тұман күтіледі.

31 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.

31 желтоқсанда Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 31 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 31 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 31 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

31 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 31 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 31 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Қонаев қ.: 31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 31 желтоқсанда түнде аздаған қар, күндіз қар күтіледі. Жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда түнде Ақмола облысының оңтүстігінде қар, күндіз қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 31 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с.

Астана қ.: 31 желтоқсанда түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысықа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.