26 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды


15:10, 25 наурыз 2026

«Қазгидромет» Қазақстан аумағына 2026 жылғы 26 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейсенбі күні болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

«Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал республиканың қиыр солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түседі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады, ал батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жел күшейеді.