25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы


18:29, 24 қыркүйек 2025

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны күрт төмендеп, -1°C градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

«Антициклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте солтүстік циклонның және онымен байланысты фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс — желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл, ал оңтүстік және шығыс аймақтарда түнде және таңертең тұман болады». «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі

Бірқатар өңірлерде мынандай қауіпті табиғи құбылыстар күтіледі:

  • өрт қаупі жоғары – Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-шығысында,
  • төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Қостанай және Ұлытау облыстарында.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің ірі үш қаласы бойынша 25, 26 және 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.