24 қарашадағы сауда-саттықта доллар бағамы өсе түсті


15:43, 24 қараша 2025

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 24 қараша күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 519,98 теңгені құрап, тағы 1,05 теңгеге қымбаттады.

Ресей рублінің бағамы 6,60 теңгеге дейін өсті (+0,01).

Қытай юанінің бағамы таңғы саудада 73,10 теңгені көрсетті (+0,21).

Валюта айырбастау пунктерінде доллар 519,9–521,8 теңге, еуро 598,85–603,24 теңге, рубль 6,48–6,59 теңге диапазонында сатып алынып-сатылады.

Әлемдік нарықтарда да мұнай бағасы өсуде.

24 қарашадағы сауда барысында Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,05 долларға қымбаттап, 62,61 доллар болды.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) алаңында Light маркалы мұнай 0,02 доллар қосып, баррелі 58,08 долларға жетті.

Таңертеңгі сессияда Ұлттық банк доллар бағамын 518,66 теңге, еуроны 597,44 теңге, рубльді 6,56 теңге деңгейінде белгіледі.