23-25 маусымға арналған ауа райы болжамы


17:51, 22 маусым 2025

«Қазгидромет» РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге, 2025 жылғы 23-25 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

23 маусым: аспан бұлтты, күндіз нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +15…+17°С, күндіз: +19…+21°С.

24 маусым: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +12…+14°С, күндіз: +21…+23°С.

25 маусым: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°, күндіз: +22…+24°.

Алматы

23 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +20…+22°С, күндіз: +32…+ 34°С.

24 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +21…+23°С, күндіз: +34…+36°С.

25 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +21…+23°С, күндіз: +34…+36°С.

Шымкент

23 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +21…+23°С, күндіз: +35…+ 37°С.

24 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +21…+23°С, күндіз: +37…+39°С.

25 маусым: аспан бұлтты, түстен кейін аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, күндіз кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +22…+24°С, күндіз: +36…+38°С.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК мамандары алдағы дүйсенбі, 2025 жылғы 23 маусымда еліміз бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын.