12:56, 21 қыркүйек 2025
«Қазгидромет» РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге, атап айтқанда, 2025 жылғы 21-23 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
- 21 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні — 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: +4…+6°C, күндіз: +19…+21°C.
- 22 қыркүйек: аспан бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің екпіні — 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде: +9…+11°C, күндіз: +17…+19°C.
- 23 қыркүйек: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Желдің екпіні — 9-14 м/с, кей тұста — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +6…+8°C, күндіз: +15…+17°C.
Алматы
- 21 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8…+10°C, күндіз: +21…+23°C.
- 22 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні — 3-8 м/с, кей тұста — 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +11…+13°C, күндіз: +24…+26°C.
- 23 қыркүйек: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні — 3-8 м/с, кей тұста — 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°C, күндіз: +18…+20°C.
Шымкент
- 21 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні — 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°C, күндіз: +31…+33°C.
- 22 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні — 8-13 м/с, кей тұста — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +17…+19°C, күндіз: +23…+25°C.
- 23 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні — 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +11…+13°C, күндіз: +23…+25°C.
Бұған дейін синоптиктер, бүгін 21 қыркүйекте еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен болатын.






Leave a Reply