19:11, 20 сәуір 2026
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 21 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаратқа сүйенсек, антициклон жотасының ықпалымен елдің солтүстік-шығысында, шығысында, батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Қалған аумақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады». «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі
Сонымен қатар:
- Жамбыл облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
- Жетісу облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін Алматыдағы Сайран көліне су жинала бастағанын жазғанбыз.






Leave a Reply