17:27, 13 наурыз 2026
13 наурыз күні Италияның Милан қаласында өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Ербол Хамитов елімізге алтын жүлде сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Ербол Хамитов отырып жарысатын пара-биатлон бойынша қашықтықта басты жүлде үшін бақ сынады.
Алдымен ол іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалдық жарысқа жолдама алды. Финалда қазақстандық паралимпиашы 9:39.0 нәтижесімен мәреге бірінші болып келді.
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары 16 наурызға дейін жалғасады. Бұл жарысқа әлемнің 56 елінен 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығын сарапқа салынады.
Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында бақ сынайтындығын жазғанбыз.






Leave a Reply