Әлеуметтік желіде он жасар оқушыны қалалық автобус жүргізушісі жол ақысын төлемегені үшін еден жууға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz. Желідегі жазбада анасы баласының үйге кеш келгенін, жолақысын төлемеген соң автобус жүргізушісі оған еден жудыртып қойғанын айтып, шағымданады. Бұл ...

Американдық жас кезінде бірге хот-дог сатқан әріптесінің атын жамылып 36 жыл бойы өмір сүріп келген, деп хабарлайды Zakon.kz. The New York Times газетінің ақпаратынша, 2019 жылы АҚШ-та Уильям Вудс есімді адам банкке келіп, біреу оның атына несие алып, үлкен қарызға ...

Қазақстан құрамасы 7 ақпанда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында топ жарып, алғашқы алтын медальды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz Пхитсанулок (Таиланд) қаласында тас жолдағы велоспорттан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды. Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыстың алғашқы күні командалық эстафетада ...

Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен Әлем кубогының кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Спортшы жекелей могулда жоғары нәтиже көрсетіп, финалда 84,95 ұпай жинап, күміс медальмен жарысты аяқтады. Алтын медаль жапониялық Икума Хоришимаға бұйырды ...

Алматыда жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық фактісі әшкереленді. Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz. 2025 жылы 7 ақпанда Алматы қалалық полициясы интернетте отырып-ақ ақша тапқан бойжеткеннің ұсталғанын хабарлады. Бойжеткен интернетке Алматыдағы элиталық тұрғын ...

Қытайдың солтүстік шығысында орналасқан Харбин қаласында ресми түрде IX қысқы Азия ойындарының алауы тұтанды, деп хабарлайды Zakon.kz. Ақ Азиаданың ашылу салтанатындағы «Мемлекеттер шеруінде» Қазақстанның көк байрағын шайбалы хоккейден ұлттық құрама мүшесі Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шықты, делінген ...

Павлодар қалалық соты 7 ақпанда зейнеткердің өмірін қиған және оның досын мүгедек еткен Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерінің қатысуымен болған жол апатына қатысты резонанстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz. 38 жастағы Lexus LX 570 иесі жол қозғалысы ...

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 7 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,88 теңгеге төмендеп, 511,18 теңге болды. Қытай юанінің орташа бағамы 70,43 теңгеге (-0,37) арзандады. ...

Бүгін, 7 ақпанда Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz. ҚР Ұлттық музейінде өткен жиынға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі мемлекеттері ұйымының ...

Синоптиктер алдағы сенбіде, 2025 жылғы 8 ақпанда Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын әлі де территориямызда жүрген солтүстік антициклон айқындайтынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. «Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, ...