«Қар бұрқасындатып, тұман болады». Еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер алдағы сенбіде, 2025 жылғы 8 ақпанда Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын әлі де территориямызда жүрген солтүстік антициклон айқындайтынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты аздап қар жауады», делінген болжамда.

Сондай-ақ, синоптиктер Қазақстан бойынша ортақ табиғи құбылыс ретінде тұман, желдің күшеюін айтады, ал солтүстік-батыста, орталықта жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстікте көктайғақ болады деп күтілетінін хабарлайды.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК 2025 жылдың 8-10 ақпанына ауа райы болжамын ұсынған болатын.