2025 жылғы 1 қарашадан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі төмендейді


ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлескен қаулымен ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 25%-дан 20%-ға төмендету нормаларын 2025 жылғы 1 қарашаға дейін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шешім банктерге алдағы өзгерістерге дайындалуға, ал қарыз алушыларға бұрын мақұлданған несиелерді бұрынғы шарттармен алуға мүмкіндік беру үшін қабылданған.

2025 жылғы 1 қарашадан бастап жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері мынадай болып белгіленеді:

  • екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар беретін несиелер бойынша:
  • кепілсіз банктік несиелерге – 46%;
  • кепілмен қамтамасыз етілген несиелерге – 35%;
  • ипотекалық тұрғын үй несиелеріне – 20%;
  • микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша – 46%.

Осылайша, 2025 жылғы 1 қарашадан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендейді.

Айта кетсек, ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы бірлескен қаулы 2025 жылғы 8 қыркүйекте қабылданған болатын.