16:25, 18 ақпан 2025
2025 жылдың 18 ақпанында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі азаматтарға маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Консулдық бөлімі коронавирус пандемиясына байланысты уақытша енгізілген азаматтығын жоғалтуға арналған құжаттарды пошта арқылы қабылдауды тоқтатады.
Құжаттарды қабылдау жеке келу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Онлайн брондау жүйесінде слоттардың саны артатындығын хабарлаймыз. Консулдық бөлімге келесі сілтеме бойынша жазылуға болады
Құжаттардың толық тізімімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады






Leave a Reply