20 наурызда Қазақстанда күн бұзылады


18:36, 19 наурыз 2026

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 20 наурыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі.

«Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болады, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді, ал батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін»,– делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.