12 қарашада елімізде ауа райы қандай болады


17:42, 11 қараша 2025

Синоптиктер алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 12 қараша күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, тек елдің батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі», — делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ, боран, ал республика бойынша жел күшейеді және тұман түседі.