17:31, 9 желтоқсан 2025
«Қазгидромет» синоптиктері 2025 жылғы 10 желтоқсан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның қай аймақтарында ауа райы қолайсыз болатынын Zakon.kz хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен байланысты фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады және жел күшейеді, ал кей жерлерде қалың қар түседі.
«Солтүстік антициклонының әсерінен қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 8 желтоқсанға қараған түнi Алматының тау және тау бөктеріндегі аудандарында қар жауып, күн суытқанын жазған едік. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 9 желтоқсанда жаңбыр, жабысқақ қар, тұман түсіп, желдің күшейіп, көктайғақ пайда болуы мүмкін.






Leave a Reply