Өскеменде әйел сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен: тың мәліметтер белгілі болды


19:20, 27 ақпан 2025

Өскеменде қоқыстан табылған сәбидің өлімі туралы жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың мәліметтері тарады. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Zakon.kz тілшісіне сәбидің анасы 44 жастағы әйел екенін, оның бес баласы бар екенін хабарлады.

Әйел босанған кезде пәтерде жалғыз өзі тұрған.

Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, ал әйел амбулаторлық бақылауда – оның жағдайы қанағаттанарлық. Сондай-ақ, сәбидің денесі контейнерден табылмағаны белгілі болды.

«Полицияға қоқыс сұрыптау зауыты қызметкерлерінен жаңа туған сәбидің денесі табылғаны туралы хабарлама түсті», — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті.