Әуе оқу орталығы мемлекеттік меншікке өтті


16:04, 25 тамыз 2025

2025 жылғы 14 тамыздағы Үкімет қаулысымен «Әуе оқу орталығы» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға беру шарты бойынша қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Әуе оқу орталығы» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін республикалық меншікке сыйға беру шарты бойынша беру туралы ұсынысы қабылдансын», – делінген құжатта.

Мемлекеттік қатысу үлесі ретінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% көлемде «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-ның акциялары қабылданды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.