20:40, 25 қыркүйек 2025
Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Маймұратов Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңін 15-ші нәтижемен аяқтап, әлем біріншілігінің плей-оффына жолдама алған еді.
1/8 финалда Әмір АҚШ өкілі Самуэль Уотсонмен кездесті. Маймұратов сайыс барысында құлап қалды. Нәтижесінде қарсыласы жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық құзға өрмелеуші әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.






Leave a Reply