Әлемнің ең үздік аспазы анықталды


3 қазан күні Милан қаласында әлемнің ең үздік аспазына арналған марапатты табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші жыл қатарынан Копенгагендегі Alchemist мейрамханасының бас аспазы Расмус Мунк «Әлемнің ең үздік шеф-аспазы» атағына ие болды, деп жазады NRK. Осылайша ол бұл атақты екі рет алған алғашқы скандинавиялық аспаз атанды.

Расмус Мунк басқаратын Alchemist мейрамханасы екі Michelin жұлдызымен марапатталған және The World’s 50 Best Restaurants рейтингінде бесінші орында тұр.