12:49, 21 шілде 2025
Әлемде 300 млн-нан астам жан үйсіз жүр. Бұл — БҰҰ келтірген мәлімет.
Оған сай, 1 миллиардтан астам адам трущобаларда тұрады. Ұйымның дерегінше, тағы 2 млрд 800 млн адам үй деп айтуға келмейтін бейресми паналарда тұруға мәжбүр.
Жағдайды жаһандық тұрғын үй нарығындағы дағдарыс ушықтыра түскен. Найробиде өткен жиында ұйым өкілдері Азия-Тынық мұхиты аймағында миллиондаған адамның суға қол жеткізе алмай, санитарлық қажеттіліктері өтелмей отырғанын да атап өтті, деп жазады qazaqstan.tv.
Әлем елдерін бұл мәселелердің шешімін бірлесе табуға үндеді.






Leave a Reply