әйелдер спринтінде ел атынан кімдер өнер көрсетеді


22:42, 19 наурыз 2026

Бүгін, 19 наурызда Осло қаласында (Норвегия) биатлоннан Әлем кубогының қорытынды кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық турнир аясында өтетін алғашқы жарыс – әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт болмақ.

Қазақстан атынан жарыс жолына үш спортшы шығады. Бұл сайыста ел намысын Лаура Киныбаева, Милана Генева және Айша Ракишева қорғайды.

Жарыс Астана уақытымен 20:15-те басталады.