17:31, 20 қазан 2025
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 2025 жылы 20 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.
Сурет: Ақорда
Ертең, 21 қазанда президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.
Сурет: Ақорда
Айта кетсек, 2025 жылы 17 қазанда Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының Бас хатшысын қабылдаған болатын.






Leave a Reply