14:00, 24 наурыз 2026
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Instagram-дағы парақшасында тұрмысқа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы қалыңдық жүзігін және әдемі қызыл раушан гүлдерінің букетін көрсетті.
«I said yes», – деп жазды спортшы.
Әбиба Әбужақынова — қазақстандық дзюдошы, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.






Leave a Reply