10:37, 26 қараша 2025
2025 жылғы 23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Ақтөбе облысындағы «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қонның алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында шекарашылар құрылыс материалдарының арасынан 10 шетел азаматын анықтады.
Комитеттің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК-де атап өткендей:
«Мұндай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады».
Сәл ертерек Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мұнай өнімдерін ұрлау фактілері туралы хабарлаған болатын.






Leave a Reply