Ұлытаулық еңбеккер Президент қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды


12:18, 17 қараша 2025

2025 жылғы 14 қарашада Астана қаласында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің II форумы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған іс-шараға Ұлытау облысынан 30-ға жуық фермер, диқан және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты. Бұл жөнінде inbusiness.kz басылымы Ұлытау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып жазды.

Сурет: BES.media

«Осы айтулы жиында жерлесіміз Мұханбетжанов Асқар Әлиұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Асқар Әлиұлы — Жезқазған қаласында орналасқан «Аяс» шаруа қожалығының басшысы. Қожалықтың негізгі қызмет бағыты – мал шаруашылығы. Асқар Әлиұлы өңірде ұйымдастырылатын мәдени және қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене атсалысып, жәрмеңкелерде халыққа сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынып келеді», – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Сурет: BES.media

Әкімдік атап өткендей, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде ол ұжым арасында да, жергілікті тұрғындар арасында да зор құрмет пен беделге ие.