Ұлттық құрылтай құрамына өзгеріс енгізілді


12:46, 2 наурыз 2025

Ақорданың баспасөз қызметі Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келтірілген ақпаратқа сәйкес, Ұлттық құрылтайдың жұмысына қоғам өкілдері тартылды:

  • Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы Зүлфия Байсақова,
  • Мәжіліс депутаты, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» ҚБ төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Әлтай,
  • Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев,
  • қаржыгер, NAC Analytica төрағасы Расул Рысмамбетов;
  • Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Дания Қыдырбаева.

Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Т. Керімқұлов, А. Ерниязова, Н. Қоянбаев, С. Досжанова шықты.