18:43, 25 тамыз 2025
27 тамыздан бастап Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық күміс монеталардың сатылымы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Банктің хабарлауынша, 2025 жылғы 27 тамызда ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары сатыла бастайды.
Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі
«Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана», — делінген банк таратқан хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.






Leave a Reply