18:34, 6 қаңтар 2026
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 2026 жылғы 6 қаңтарда Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысушыларға дресс‑код бойынша маңызды нұсқаулықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оларға ҰБТ-ға қалай киініп келу керектігі көрсетілді.
«Тестіленушілердің тәртіптілігін қамтамасыз ету мақсатында ресми үлгідегі киіммен келу ұсынылады. Бұл ретте ҰБТ-ға міндетті түрде мектеп формасында келу талап етілмейді, алайда киім қатаң, ұқыпты және жалпыға ортақ әдеп нормаларына сай болуы тиіс», делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.
Бұған дейін ҰБТ-2026 байқау сынағына қатысушыларға арналған жағымды жаңалық жарияланған.






Leave a Reply