09:57, 29 мамыр 2025
Көлік министрлігі «Үлкен Алматы айналма жолы» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін пайдалану туралы бұйрыққа өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, «Үлкен Алматы айналма жолы» ақылы жолында жүру тарифтері көрсетілген бұйрыққа қосымшаның жаңа редакциясы дайындалды.
«АЕК-те төлем мөлшерлемесі көлік түріне байланысты белгіленді, жергілікті тұрғындар үшін ай сайынғы және жылдық жазылымдар қарастырылған, сонымен қатар алдын ала төлемге және 15 күн ішінде төлеуге жеңілдіктер қарастырылған. Алым қашықтыққа емес, жолда болған уақыт үшін алынады. Тоқтаусыз бақылау жүйесі қолданылады», – делінген құжатта.
Сонымен қатар, уақтылы төлемді ынталандыру үшін жол жүру күнінен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде төлемге 50% жеңілдік қарастырылған.
Құжат 11 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған
Пайдаланушылардың 50%-ға жуығы жол жүру ақысын төлемейтіні бұрын хабарланған болатын. Үлкен Алматы айналма жолы бойынша жол жүру ақысын уақытылы төлемегендіктен, көлік иелеріне қарыздар жиналуда. Материалдан ағымдағы тарифтерді де көруге болады.






Leave a Reply