12:45, 10 наурыз 2025
Бүгін Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актері Құман Тастанбековтің туғанына — 80 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.
Актер 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін тамамдады. Кейін Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.
Актердің алғаш ойнаған рөлі – «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген. Бұдан кейін «Қыс – мазасыз маусым», «Ағам менің», «Ерекше күн», «Аққулар ұшып келеді» т.б. фильмдеріне түсті.
«Бұдан бөлек театр сахнасында да көптеген рөлдерді сомдады», – деп жазады Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Актер 2016 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша «Парасат орденімен» марапатталды.






Leave a Reply