Қытайлық гиперкар жылдамдық бойынша әлемдік рекорд орнатты


11:53, 22 қыркүйек 2025

20 қыркүйекте Қытайдың BYD автокөлік өндірушісі Yangwang U9 Xtreme гиперкарының жаңа рекорд орнатқанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Германияның Папенбург қаласындағы трассада жүргізуші Марк Бассенг 496,22 км/сағ жылдамдыққа жетті. Осылайша ол 2019 жылы орнатылған Bugatti Chiron Super Sport 300+ (490 км/сағ) рекордын жаңартты. Бұл жетістік аталған көлікті әлемдегі ең жылдам сериялық көлік етті.

Автокөлік әр дөңгелегінде жеке электрқозғалтқышпен жабдықталған, жалпы қуаты – 2978 ат күшін құрайды. Батареяның қуаты 450 км жол жүруге жетеді, ал жылдам қуаттау стансасында қуатты 30%-дан 80%-ға дейін небәрі 10 минутта толтыруға болады.

Бұған дейін Қытай компаниясының туристерді ғарышқа 200 мың долларға тасуды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.