10:41, 20 ақпан 2025
18 ақпанда Шанхайда қасбетінде алтын керамикалық плиткалары бар дүкен ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Loewe сән брендінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, CASA LOEWE Shanghai қасбетін қаптау үшін 35 536 дана алтын керамикалық плитка қолданылған. Олар Барселонадан арнайы әкелінген.
«Шығыс Испания тауларынан алынған материалдар қазір Шанхайдың орталығын жарықтандыратын жарқыраған алтын көрініске айналды», – делінген сән брендінің ақпаратында.
Сурет: loewe
Шанхайдағы жаңа бутик әлеуметтік желі қолданушыларының таңданысын тудырды.
From Spain to Shanghai.
The façade of CASA LOEWE Shanghai is created by 35,536 individual golden ceramic tiles made by Barcelona-based Studio Cumella. Materials sourced from the mountains of eastern Spain were transformed into the glimmering golden exterior that now lights up… pic.twitter.com/TVsYERXTxO
— LOEWE (@LoeweOfficial) February 18, 2025
«Эрмитажға бәсекелес пайда болған сияқты», – деп жазды пікірлерде.
Бұған дейін Тасмания аралында 90-ға жуық косатка жағаға шығып қалғаны хабарланған болатын.






Leave a Reply