00:10, 23 шілде 2025
Қазақстандық әнші және композитор Димаш Құдайберген 22 шілдеде Қырғыз Республикасының «Халық әртісі» құрметті атағына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атақ Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен берілді. Марапатты әртіске Чолпон-Ата қаласында өткен IV Халықаралық «Мейкин Азия» музыкалық фестивалінің салтанатты финалында Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманкулов табыстады.
Салтанатты рәсімге сондай-ақ мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиев те қатысты.






Leave a Reply