Қызыл теңізде акулалардың неліктен көбейіп кеткені белгілі болды


11:05, 23 қыркүйек 2025

Ресейлік океанолог Филипп Сапожников Қызыл теңіздегі акулалар шапқыншылығына не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Филипп Сапожников – Ширшов атындағы океанология институтының жағалаудағы түпкі қауымдастықтар экологиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. Ол РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Суэц каналының салынуы акулаларға жаңа көші-қон жолын ашқанын айтты.

Ғалым Суэц каналының ашылуы Үнді мұхитынан Жерорта теңізіне дейінгі тікелей көші-қон жолын мүмкін еткенін атап өтті. Осының салдарынан ірі теңіз балықтарының көші-қон бағыттары өзгеріп, олардың арасында акулалар да көше бастады.

Сапожниковтың айтуынша, Қызыл теңізде шамамен 49 түрлі акула түрі мекендейді. «Шамамен» деу себебі – кейбір түрлер тіркелгенімен, олардың нақты тіршілігі толық дәлелденбеген.

«Қырық тоғыз түр – бұл өте көп, демек әр акуланың өз тіршілік ету жағдайына бейімделген орташағы бар деген сөз»,- деп пайымдады ғалым.

Бұған дейін күн тұтылуының ғарыштан түсірілген бірегей кадрларын жариялаған болатынбыз.