19:49, 20 мамыр 2025
Қызылордада Чайковский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері өрт автосатысы арқылы жоғарғы қабаттардан алты адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды.
12 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.






Leave a Reply