12:47, 27 қазан 2025
Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен 3 жасар баланы іздеп тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Керимхан Аппазов мен ювеналды полиция тобының инспекторы Бекзатхан Тоханов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ата-анасының қарауынсыз жүрген 3 жасар баланы байқаған.
Сурет: polisia.kz
Осылайша, полицейлер баланың ата-анасын жедел іздестіріп, көп ұзамай баласын жоғалтқан әке табылып, баламен аман-есен қауышты.
«Тексеру барысында белгілі болғандай, баланың әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен сәтте, бала көліктен түсіп кеткен. Әкесінің көлігінен алыстап кеткен балақай адасып қалған»,- делінген ақпаратта.
Қырағылық пен жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ата-анасы алғысын білдірді.
Бұған дейін Алматы тауларында адасып кеткен 10 туристке көмек көрсетілгенін жазғанбыз.






Leave a Reply